Бүгін Астанада жалпы жүлде қоры 15 мың АҚШ долларын құрайтын ерекше «Defence Tech Battle» байқауы мәресіне жетті, деп хабарлайды kazaknews.kz.
Байқаудың мақсаты – қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы инновациялық идеяларды қолдау.
Қорғаныс министрлігі мен Astana Hub Халықаралық IT-стартаптар технопаркі ұйымдастырған байқауда барлығы 50-ден аса жоба бақ сынап көрді. Алайда, олардың ішінен он жоба іріктеліп, көпшілік назарына ұсынылды. Нәтижесінде үздік деп танылған үш жобаға 5 мың АҚШ доллардан табысталдыЖеңімпаздарды түрлі сала мамандарынан құралған әділ қазылар алқасы анықтады. Атап айтқанда, ҚР ҚМ Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы, генерал-майор Ахметов Жұмабек Хатиоллаұлы, «Astana Hub» Халықаралық IT-стартаптар технопаркінің директоры Мәдиев Мағжан Дінмұхамедұлы, «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Әбдірахманов Теміржан Қайратұлы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Ахмедиев Дархан Мейрамұлы, «Қазақстан ГАЖ орталығы» АҚ-ның басқарма төрағасы Ания Шынбергенқызы Байкенова.
Байқау қорытындысы бойынша, әскери салада дрондарды қашықтан басқару, «антидрон», яғни, қауіпті дрондарды құлату және сарбаздарды симуляторлар арқылы оқыту секілді жобалар үздік деп танылды.