Ғылыми жетекші мен шәкірті Нобель сыйлығын иеленді

0
100

Оқи отырыңыз: Медицина саласындағы Нобель сыйлығы иегерлері белгілі болды

Швеция ғылым академиясы хабарлағандай, физика саласы бойынша биылғы Нобель сыйлығы лазерлік технология саласында “жаңашыл зерттеулер” жүргізген америкалық Артур Эшкин, француз Жерард Мору және канадалық ғалым Донна Стриклендке берілді.

Эшкин сыйлықты жарықтың ұсақ бөлшектерге манипуляция жасауына мүмкіндік беретін оптикалық “саусақтар” ойлап тапқаны үшін жеңіп алды.

Лазер сәулесінің “саусақтары” вирус, бактерия және басқа да жанды жасушаларды зақым келтірмей зерттеп, манипуляция жасай алады. Осылайша, жанды ағзалардың тіршілік механизмін зерттеп, бақылауға мүмкіндік туады.

Азаттық радиосы таратқан ақпаратқа сәйкес, Мору мен Стрикленд бұл салада “желілік жиіліктегі импульс” деген атпен белгілі өте қысқа және жылдам лазерлік импульстерді дамытқан. Бұл зерттеулер өнеркәсіп пен медицинада кең қолданылады.

Донна Стрикленд физика саласында Нобель сыйлығын иеленген үшінші әйел атанып отыр. Сонымен қатар, Рочестер университетінде докторлық диссертациясының жетекшісі Жерард Мору болған екен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз