Шпекбаев министрлерге үндеу тастады

0
95
дереккөзден

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің басшысы Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлықпен күресте барлық мемлекеттік органдар  ат салысуы қажет деп есептейді. Бұл туралы агенттік басшысы өзінің Facebook парақшасында жазды.

“Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру бойынша жұмысы өз нәтижесін беруде, алайда, бұл процесте маңызды рөлді барлық мемлекеттік органдар да атқаруы қажет. Мемлекет басшысы атап айтқандай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселелерінде басшылардың жауапкершілігін арттыру маңызды”, – деген Шпекбаев әскери қызметкерлерге Қазақстанның қарулы күштерінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу туралы үндеу жолдаған Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың пікірін қолдайтынын алға тартты. Бұған дейін министр қарулы күштер қатарындағы жемқорлық мәселесіне тоқталып, “Қарулы Күштердегі әрбір жемқорлық фактісі халықтың әскерге деген сеніміне селкеу түсіреді”, -деген еді.

“Елімізде екінші жыл қатарынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының төмендеу үрдісіне қарамастан, министр көтерген мәселелер барлық күштік құрылымдар үшін әлі де өзекті болып отыр.Мәселені ашық мойындау және оны жою туралы ниет – жетістікке қол жеткізудің маңызды бөлігі болып табылады”, – деген Шпекбаев “Басқа басшыларға қорғаныс министрінің әрекетін неге үлгі ретінде алмасқа!?”, – деп министр қауымына үндеу тастады.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз