Жемқорлыққа қарсы ойын ойлап тапқан оқушы миллион теңге жеңіп алды

0
83
"Сатылмайтын Алпамыс" атты ойын ойлап тапқан Жезкент кенті мектеп-лицейінің  8 сынып оқушысы Нұрәли Амангелдиев.

Қарағанды ​​облысы әкімдігінің “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы инновациялық шешімдер” атты бірінші республикалық байқауында “Сатылмайтын Алпамыс” атты ойын ойлап тапқан Жезкент кенті мектеп-лицейінің  8 сынып оқушысы Нұрәли Амангелдиев жеңімпаз атанды. 

Абай облысы әкімдігінің мәліметінше, оқушы “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа құралдар” бағыты бойынша үздік жоба үшін 1 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталған.

Жобаның басты мақсаты – білім алушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын, күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру.

Байқау қорытындысы кезінде жеңімпаздарды марапаттау сәті.

Жеңімпаз оқушының айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойын Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың нақты жағдайлары негізінде көркем роман форматында әзірленген, бұл ойыншыға сыбайлас жемқорлықтың салдарын тереңірек түсінуге көмектеседі. Әр эпизодтың соңында ойыншыға Қылмыстық кодекске түсініктеме беріледі.

Ойынның соңғы миссиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама саласындағы білімдерін кеңейту. Ойынның соңында көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз атанады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз