Костенко шахтасындағы апатты тергеу комиссиясы жұмысын аяқтады

0
40
Комиссия тексеру қорытындысын хабарлап жатыр. Photo: ТЖМ

9 желтоқсанда Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы жарылысқа ұласқан өрттің себептерін тексеру жөніндегі Үкімет комиссиясының қорытынды отырысы өтті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметті хабарлады.

Комиссияның мәліметіне қарағанда Қазақстанның, қиыр және таяу шетелдердің ғылыми-зерттеу және сараптамалық ұйымдарын тарта отырып, техникалық құжаттаманы, айғақтарды және басқа материалдарды зерделеу бойынша егжей-тегжейлі жұмыстар жүргізілген. Нәтижесінде, өрт және метан-ауа қоспасының одан әрі жарылуы қырғыш конвейер элементтерінің соққысы мен үйкелісінен пайда болған механикалық ұшқыннан газ (метанның) тұтанғаны анықталған. Газдың өзі астыңғы төсемеден бөлінген.

Комиссия өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылғанын да анықтаған. Атап айтқанда, жұмыстың толыққанды ұйымдастырылмауы және қауіпті өндірістік факторларға қажетті өндірістік бақылаудың жоқтығы аталды. Олардың қатарына тұрақты шахталарда шаң мен жарылысқа қарсы шараларды орындау да жатады.

“Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша жұмыс берушінің кінәсі 100% анықталып, жұмысты қауіпсіз орындау талаптарын бұзған 19 жауапты тұлға анықталды”, – делінген ТЖМ таратқан хабарламада.

Еңбек заңнамасына сәйкес тергеу материалдары құқық қорғау органдарына берілген.

Айта кетейік, 2023 жылдың 28 қазанында «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның Костенко атындағы көмір шахталарында бірқатар жарылыс болып, нәтижесінде 46 адам қаза тауып, 28 кенші жарақат алған. 

«АрселорМиттал Теміртаудың» жаңа инвесторы белгілі болды

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз