«АрселорМиттал Теміртаудың» жаңа инвесторы белгілі болды

0
45
Александр Лаврентьев.

8 желтоқсанда Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев арнайы баспасөз мәслихатын өтізіп, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ны мемлекет меншігіне қайтару келіссөздері аяқталғанын, жаңа инвестор – отандық бизнесмен Андрей Лаврентьев болғанын мәлімдеді.

Александр Лавреньтев кім?

1979 жылдың 29 маусымында Алматы қаласында дүниеге келген Андрей Лаврентьев үйленген, 6 баласы бар. Жоғары құқық мектебін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Ол «Аллюр» компаниялар тобы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы және акционері. Оның құрамына «Агромашхолдинг» ЖШС және «СарыарқаАвтоПром» ЖШС кіреді. Топ Қазақстан аумағындағы Chevrolet, Kia, JAC және LADA автобрендтерінің ресми өндірушісі, дистрибьютері және серіктесі саналады. Астана және Алматыда сегіз жеке дилерлік орталығы бар. «Агромашхолдинг KZ» АҚ-ның 65 пайызына иелік етеді. Арманжан Байтасовпен бірге «Бизнес-FM» радиостансасын құрған. Қостанай облысындағы Триатлон федерациясының президенті, «Ана үйі» жобасының, YPO Kazakhstan, IQanat білім беру жобасының қатысушысы.

Андрей Лаврентьев 2012 жылы елімізде CKD құрастыру әдісімен автомобиль шығаратын өндірістің негізін қалады. Бір жылдан кейін дәл осы өндіріс ошағы «Индустрияландыру көшбасшысы» санатында Қазақстан Президентінің «Алтын сапа» арнаулы сыйлығына ие болды. Ал 2017 жылы ол «Агромашхолдинг KZ» АҚ акционеріне айналды. Кәсіпорын Беларусьтың «Гомсельмаш» компаниясы шығаратын ауыл шаруашылығы техникаларын Қазақстан аумағында дистрибьюциялауға бірегей құқық алды. 2020 жылы «Узавтосаноат» АҚ-пен бірге Қазақстанда америкалық Chevrolet брендті автомобиль өндірісінің акционеріне айналды. Сол жылы «Аллюр» компаниялар тобы» АҚ Астанада бірінші Отандық электромобильдердің ұлттық павильонын ашып, Қазақстанда «жасыл технологияларды» дамытуға бет бұрады. 2021 жылы Kia Corporation компаниясымен бірге елімізде Kia брендті автомобиль құрастыратын өндіріс ошағының акционері болды.

28 қазанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырған.

Бұған дейін премьер-министр Әлихан Смайылов жаңа инвестор «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының тұрақты жұмыс істеуі үшін кемінде 3 миллиард доллар инвестиция құюы керек екенін мәлімдеген еді.

Александр Лавреньтев активтерді сатып алумен қатар, өндірісті жаңғыртуға және өңірдің экологиясын қорғауға тағы 3 млрд АҚШ долларын құюға міндетті, оның 1,3 миллиард доллары алдағы жылы инвестицияланады.

Айта кетейік, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының атауы “QARMET” болып өзгерді.

Еске салайық, 28 қазан күні түнгі сағат 02.33-те Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада өрт тұтанып, артынан жарылыс болды. Жер астында жұмыс істеп жатқан 252 кеншінің 206-сы өз бетімен жоғары шықты.

31 қазан күні 45 кеншінің денесі және қаза болған 46-шы адамның дене бөлшектері табылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз