Жеті облыста 54 жол учаскесі жабылды

0
36

ҚазАвтоЖол баспасөз қызметі ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар облыста жол жабылғанын хабарлады. 

8 желтоқсан сағат 20.00-ден бастап ауа темперутурасының 35°С-38°С-қа дейін төмендеуіне байланысты жеті облыста жүк, дизель және қоғамдық көліктің қозғалысына шектеу қойылды.

Бұл тыйым жеті өңірдің республикалық маңызы бар 54 жол учаскесінде енгізілген.

Абай облысында — бір учаске

 «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 587-733 шақырым аралығы, Павлодар облысы шекарасы — Семей қаласы. 

Ақмола облысында — 20 учаске

Барлық бағытта.

Ақтөбе облысында — 2 учаске

— «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолының 0-234 шақырым аралығы.
— «Самара-Шымкент» тасжолының 776-1153 шақырым аралығы.   

Павлодар облысында — 8 учаске

Барлық бағытта.

Қарағанды ​​облысында — 2 учаске

— «Қызылорда-Павлодар» жолының 967-1135 шақырым аралығы, Қарағанды ​​қаласы — Павлодар облысы шекарасы.
— «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» жолының 231-234 км, Павлодар облысының шекарасы — Ботақара ауылы.

Қостанай облысы — 7 учаске

— «Жезқазған-Петропавл» жолының 340-377 шақырым аралығы, Ақмола облысы шекарасы — Арқалық қаласы.
— «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» жолының 8-232 шақырым аралығы, Ақмола облысы шекарасы — Тобыл қаласы.
— «Екатеринбург-Алматы» жолының 418-539 шақырым аралығы, Қарабалық ауылы — Қостанай қаласы.
— «Екатеринбург-Алматы» жолының 556-729 шақырым аралығы, Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы — Тобыл қаласы.
— «Мамлютка-Қостанай» жолының 180-404 шақырым аралығы.
— «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» жолының 234-503 шақырым аралығы, Ақтөбе облысы шекарасы — Рудный қаласы.
— «Денисовка-Жітіқара-Мықтыкөл-РФ шекарасы» жолының 0-137 шақырым аралығы, Денисовка ауылы — Ресей Федерациясы шекарасы.

Солтүстік Қазақстан облысында — 14 учаске

— «Екатеринбург-Алматы» жолының 729-856 км. 
— «Челябі-Новосібір» жолының 465-655 шақырым аралығы. 
— «Астана-Петропавл» жолының 341-473 шақырым аралығы, Ақмола облысы шекарасы — Бескөл ауылы.
— «Петропавл-Соколовка-РФ шекарасы» жолының 11-72 шақырым аралығы, Ресей Федерациясы шекарасы — Петропавл қаласы.
— «Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасы» жолының 50-280 шақырым аралығы, Ақмола облысы шекарасы — Ресей Федерациясы шекарасы.
— «Жезқазған-Петропавл» жолының 595-946 шақырым аралығы, Ақмола облысы шекарасы — Бескөл ауылы.
— «Мамлютка-Қостанай» жолының 0-180 шақырым аралығы, Қостанай облысы шекарасы — Мамлютка қаласы.
— «Көкшетау-Рузаевка» жолының 61-196 шақырым аралығы, Ақмола облысы шекарасы — Рузаевка ауылы.
— Қарасай батыр мемориалды кешеніне апаратын жолдың 0-24 шақырымы.
— «Петерфельд-Архангель-Новокаменка» жолының 0-30 шақырым аралығы. 
— «Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» жолының 0-228 шақырым аралығы.
— «Рощинское-Корнеевка-Волошинка» жолының 0-86 шақырым аралығы.
— «Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» жолының 0-119 шақырым аралығы, Волошинка ауылы — Тимирязево ауылы.
— «Тимирязево-Сарыкөл-облыс шекарасы» жолының 0-31 км.   

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз