ЖОО оқытушыларының жалақысы қыркүйектен бастап артады

0
326
Photo: inbusiness.kz

16 тамызда ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы 2021 жылдың қыркүйегінен бастап артатыны айтылды. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі хабарлады.

Білім министрлігіне ведомстволық бағынышты жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы 2021 жылдың қыркүйегінен бастап артады.

Енді олар ай сайын кемінде 200 мың теңге алатын болады. Аға оқытушының еңбекақысы кемінде 230 мың теңгені құрап, қауымдастырылған профессор – 260 мың теңге, профессор – 350 мың теңге (ұлттық жоғары оқу орындарында – 400 мың теңге) алуы тиіс. Бұл шешім ел Президенті Қ. Тоқаевтың ЖОО оқытушыларының жалақысын арттыру туралы тапсырмасын орындау аясында қабылданды.

Бұл ретте, егер оқытушылардың жалақысы көтерілетін болса, онда олардың оқу жүктемесі, керісінше, төмендетіледі. Бұл мұғалімдердің ғылыми қызметпен айналысуларына мүмкіндік пен уақыттың жеткілікті болуы үшін жасалып жатыр.

«Біз жоспарлы түрде оқытушылар үшін жайлы жағдай жасап, еңбекақыны және педагогтердің мәртебесін арттырып жатырмыз. ЖОО оқытушыларының жалақысы да жоғарылайтын болады. Егер біз білімнің жоғары деңгейде болуын қаласақ, мұғалімдерге лайықты жалақы төлеу керек екенін түсінуіміз керек. Бұл ретте біз жоғары оқу орындары тарапынан сапалы жұмысты, ал оқытушылардан оқу процесіне асқан жауапкершілікпен қарауды талап етеміз. Жоғары оқу орындарының директорлар кеңесі бұл мәселені ерекше бақылауда ұстауы қажет», — деп атап өтті Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Оқи отырыңыз – Қуаныш Ерғалиев білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды

Педагогикалық жүктемеге келетін болсақ, енді бір ставканың максималды көлемі бір оқу жылында 680 сағаттан аспайды. Айта кеткен жөн, бұрын ең төменгі жалақы мен сағаттық жүктемелерге қойылатын талаптар заңмен реттелмеген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз