Қазақстандағы McDonald’s мейрамханалары жұмысын уақытша тоқтатты

0
120
Photo: McDonalds.kz

18 қарашадан бастап Қазақстандағы McDonald’s франшизасының операторы елдегі мейрамханаларының жұмысын уақытша тоқтатады. Бұл жөнінде компанияның Инстаграм парақшасы хабарлады.

“Қазақстандағы McDonald’s (ТОО Food Solutions KZ) жергілікті тасымалдау шектелгендіктен 18 қарашадан бастап барлық мейрамханаларының жұмысын тоқтатады. Компания жұмысын жалғастыруға барынша күш салады. Мейрамханалардың ашылу мерзімі кейін хабарланады” деп жазылған хабарламада.

Биыл жазда аталған мейрамханалар желісі “техникалық ақауға байланысты” уақытша жабылған.

Food Solutions KZ мәліметінше, Қазақстанда 24 McDonald’s мейрамханасы бар. Олар Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Қарағандыда орналасқан. Компанияларда шамамен 2 мың адам жұмыс істейді.

Компания баспасөз қызметінің хабарламасында осы уақыт бойы Food Solutions KZ үш миллиард теңгеден астам салық төлегені және 2016 жылдан бері қайырымдылыққа 80 миллионнан астам қаражат бөлгені жазылған.

McDonald’s франшизасын 2014 жылы қазақстандық кәсіпкер, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаевтың бұрынғы құдасы Қайрат Боранбаев алған. Ақпарат құралдары Боранбаевты Қазақстан мен Беларусьтегі франшизалардың иесі деп атаған. Боранбаев биыл наурызда “квазисектордан ірі көлемде қаражат жымқырды” деген күдікпен ұсталған.

Боранбаев ұсталғаннан кейін көп ұзамай Алматыдағы паркингті басқаратын оған қарайтын екі компания Алматы әкімдігіне қайтарылды. Сәуір айында онымен байланысты Қарағанды дәрі-дәрмек кешені коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина шығаруды тоқтатты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз