Құлыбаев басқарған “Атамекен” ҰКП төрағасының міндеті Баталовқа жүктелді

0
235
Райымбек Баталов. Photo: Atameken.kz

“Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа мүшелері 18 ақпанда өтетін палата съезі қарсаңында төраға міндетін Райымбек Баталовқа жүктеді. Бұл жөнінде “Атамекен” ҰКП ресми сайтында хабарлады.

Палатаның кезектен тыс съезі 18 ақпанда өтеді. Онда “ұлттық палатаны басқару, палата жұмысын реформалау, кәсіпкерлікті дамыту” және тағы басқа мәселелер қаралады.

Өткен айдың ортасында елде экс-президенттің ықпалы азайғаны туралы болжамдар тарап, оның айналасындағы адамдардың қызметтен кеткені жөнінде ақпарат жиілеген шақта Назарбаевтың күйеубаласы Тимур Құлыбаев “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасы қызметінен кеткен. Оның қайда екені белгісіз. 55 жастағы Тимур Құлыбаевтың одан бөлек өзге де қызметтері бар. Ол – KAZENERGY мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының жетекшісі, Қазақстан ұлттық олимпиада комитетін, Қазақстан бокс федерациясын басқарады.

Тимур мен Динара Құлыбаевтар Қазақстанның ең бай адамдары қатарында. Forbes журналы әрқайсысының байлығын 2,9 миллиард долларға бағалаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз