Шымкентте бір адамнан коронавирус табылды

0
86

24 наурыз күні Шымкент қаласында бір адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы бүгін, сағат 21:35-те Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

24 наурыздағы дерек бойынша, Қазақстанда 69 адам коронавирус жұқтырған. Қазір Алматыда – 29 адам, Нұр-Сұлтанда – 35 адам, Қарағандыда – 2 адам, Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында 1 адам, Шымкентте бір адам емделіп жатыр.

Үкіметтің дерегінше, вирус жұқтырғандардың 80 пайызында симптом жоқ я сәл ғана қызуы көтерілген. Нұр-Сұлтанда бір науқас жасанды аппаратқа қосылған.

Бұдан бөлек, Германияда бір және Венгрияда бір қазақстандықтан вирус табылған. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, Германиядағы қазақстандықтың жағдайы жақсарып, ауруханадан шыққан.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті. Бұл екі қаладағы барлық сауда орыны мен ойын-сауық орталығы жабық. Тек азық-түлік сататын орындар мен дәріханалар ашық. Ал карантин жарияланбаған басқа аймақтарда базарлар, сауда орындары ашық.

Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елде Covid-19 індетіне шалдыққандар 15 сәуірден кейін азая бастайды деп санайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз