100 миллион доллардан аса қаржы бұғатталды

0
66

Шетелде қазақстандықтардың қылмыстық жолмен алынған 100 млн доллардан астам қаржы бұғатталды. Бұл жайында ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров айтты. 

“Өткен жылдың өзінде ғана сотталғандарды қайтару, беру және құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша Бразилия, Моңғолия, Араб Әмірліктері, Украина елдерімен 7 келісімшартқа қол қойылды. Толықтай алғанда, алыс шет мемлекеттермен 63 екіжақты келісімшарт жасалғанАталған келісімшарттардың арқасында 2018 жылы Қазақстан шетел мемлекеттеріне 123 қылмыскерді қайтарып, шетелден 70 адамды экстрадициялады”, — деді ол.

Бас прокурордың дерегінше, өткен жылы адам өлтірген Н.Есенаманов пен Р.Нажаев Қырғызстаннан, лаңкестік қылмысқа қатысы бар Е.Күншығаров Түркиядан, Ақтөбе облысында автобуста 52 адамның өртеніп кету оқиғасына қатысты О.Мехтиев Өзбекстаннан Қазақстанға жеткізілді. Екіжақты келісімшарт болмаса да өткен жылы бірқатар мемлекеттен қылмыскерлер елге жеткізілді. Атап айтқанда, Грекия лаңкестік қылмысқа қатысы бар Д.Хайсинді, Германия ірі көлемде алаяқтық жасаған Б. Ибрагимов пен Х.Изгияевты және психотропты заттар контрабандасымен айналысқан Г.Леладзені Қазақстанға қайтарған.

“Шетелде қылмыстық жолмен алынған 100 млн доллардан астам сома анықталып, бұғатталды. Бұл жұмыстар жалғаса береді. Алдағы уақытта мұндай келісімшартты Оңтүстік Корея, Куба, Грекия және Македониямен арада қол қоюды жоспарлап отырмыз”, – деді Қайрат Қожамжаров.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз