Банктер ипотека бойынша сыйақы алмайтын болды

0
73

2019 жылдың 2 ақпанынан бастап банктерге ипотекалық заем төлеу мерзімі 180 күн өтіп кеткеннен кейін есептелінген сыйақыны алуға тыйым салынады. Бұл туралы Интерфакс–Қазақстан хабарлады.

Қолданыстағы заңнамада бұл қарастырылмаған болатын.

Түзетулер жеке тұлғаны (заемшыны) сыйақы бойынша қарызының өсіп кетуінен қорғап, сондай-ақ банктердің борышкерге қатысты дер кезінде шара қабылдауына жауапкершілігін арттырады.

Түзетулер Назарбаев 21 қаңтарда қол қойған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманың одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң аясында “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы” заңға енгізіліп отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз