Биыл Қазақстаннан қажылыққа 3 200 адам барады

0
167
2019 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыру бойынша өткен ресми кездесу. Сурет: muftiyat.kz

Сауд Арабия Королдігінің Қажылық және умра министрлігі Қазақстан қажылары үшін 3 200 орын бөлді.

29 қаңтар күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз бастаған делегацияның қатысуымен Сауд Арабия Королдігінде (САК) 2019 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыру бойынша ресми кездесу өтті. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.  

Кездесуге наиб мүфти Бауыржан Есмахан, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, ҚР Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің төраға орынбасары Балғабек Мырзаев, Қазақстанның Жидда қаласындағы консулдық басшысы Талғат Шалданбай, Азаматтық авиация комитетінің Халықаралық қатынастар және әуе тасымалдары басқармасының бас сарапшысы Тимур Тілегенов қатысты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен САК Қажылық және умра министрлігі екі жақты келісім құжатына қол қойды. Аталған құжатта биыл Қазақстан тарапынан 3 200 адам қажылығын өтей алатыны көрсетілген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз