Қытайдағы қандастардың мәселесі тез шешілсе екен – Д.Құдайбергенов

0
147

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында дүние жүзіне танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов Қытайдағы этникалық қазақтардың мәселесіне алаңдаушылық танытатынын білдірді. 

Димаш Құдайбергенов БАҚ өкілдеріне арналған баспасөзде Астана күні қарсаңында өткізілетін жеке концерті турасында әңгіме өрбітіп тілшілердің қойған сауалдарына жауап қатты.

Сіз Аспан асты елінде ән шырқап жүрсіз, Қытайда өмір сүретін этникалық қазақтардың мәселесін көтеру ойыңызда бар ма деген сауалға әнші

“Әлемнің қай түкпірінде болмасын жаны мен қаны қазақ деп соғып жатқан барша бауырларымыздың хал ахуалы біз үшін елеусіз қалмайды. Егер менің қолымнан келгенде барлығын берер едім, сөздің шыны керек… Бірақ мен халықаралық дәрежедегі дипломат емеспін. Менің қолымнан келу тек қана ән айту келеді. Мен тек әншімін”, деп жауап берді.

Сөз соңында әнші Қытайдағы этникалық қазақтардың аxуалына  алаңдайтынын білдіріп, мәселенің тезірек шешімін табуын тіледі.

“Бұл мәселе бойынша алаңсыз жатыр деп ойламаңыздар. Менің де жүрегіме ауыр тиді. Мен де барынша бұл сұрақтың тезірек шешілгенін қалаймын”

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз