Депутат: Бөлінген бюджеттің 43 пайызы әлеуметтік салаға кетеді

0
49

Депутат Руслан Берденов, Жаңа түнгі студия бағдарламасында қонақта болып, Қазақстанның алдағы үш жылға бекітілген бюджеті туралы айтты.

Депутаттың айтуы бойынша бекітілген бюджет 24 триллион теңгені құрайды.

«Күні кеше еліміздің үш жылдық бюджетін қабылдадық. Сол бюджет аясында үлкен жұмыстар жасалды. Бюджет орташа 24 триллион шамасында. Бұл экономиканы дамыту емес, әлеуметтік саланы қолдау бюджеті. Себебі бүкіл бюджеттің 43 пайызы әлеуметтік салаға бөлінеді», – дейді депутат.

Әлеуметтік салаға бөлінген бюджет, мемлекеттік қызметкерлердің айлығы, халықтың зейнетақысы және т.б. кетеді. Алайда, Берденовтың айтуынша бизнеске тек барлық бюджеттің 5,5 пайызы бөлінген.

«Ол өте аз. Бұл дегеніміз, еліміз президенттің міндет қылып қойған экономикалық даму және жаңғыру бағдарламасы жүзеге аспайды дегенге келеді», – деп түсіндірді депутат.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз