Теңге қайта әлсірей бастады. Ұлттық валютаның күндізгі сессиясына сәйкес 1 доллардың орташа бағамы 339 теңгені құрады.
Ақша айырбастау пунктерінде доллардың бағамы 340.5 – 341.9 теңгеден сатылуда.
Ал мұнай бағасы сейсенбідегі Нью-Йорк пен Лондон шикізат биржаларының сауда қорытындысына сәйкес біршама төмендеді.
Сауда қорытындыларына сәйкес, тамыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы Лондонның ICE Futures биржасында 0,26 долларға арзандап, баррелі 75,08 долларды құраған.
Шілдеде шығарылатын WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 0,78 долларға төмендеп, баррелі 65,07 доллар болды.