Досаев: «Ресейге қарсы санкциялар Қазақстан импортына әсер етеді»

0
47
дереккөзден

Ресейге қарсы экономикалық санкциялар Қазақстан импортына әсер етеді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаев мәлімдеді.

Бюджетке флуктуация (валюта бағамының ауытқуы – ред) болатынына қарамастан, 340 теңге орта жылдық курс салдық деген Досаев Ұлттық банк инфляциялық таргеттеу саясатына көшкенін және нарыққа қарай икемделетінімізді мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz. Досаевтың айтуынша, Ресейге қарсы экономикалық санкциялардың салқыны Қазақстан экономикасына да әсер етеді, себебі Қазақстан Ресейдің экономикалық серіктесі. «Нақты әсер импортқа тиетін шығар, дегенмен, бұл мәселе шешімін табады», – дейді Досаев.

Сонымен қатар ол Қазақстан санкциялық режимде еместігін еске салды.

Теңге биржада құлдырады

10 сәуірде таңертеңгі сауда-саттық қорытындысы бойынша ұлттық валюта бір доллар үшін 324,62 теңгені құрады. 9 сәуірдегі таңертеңгілік сессия қорытындысы бойынша, доллардың теңге бойынша бағамы 320,11 теңгені құрады. 10 сәуірде таңертеңгі сауда-саттықтың алғашқы мәмілесі 323,50 теңге құнында өтті. Шекті құны доллар үшін 325, 21 теңгеге жетті.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз