Қытай нарығының қол жетімділігі кеңейтілмек

0
87
дереккөзден

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин ел экономикасының ашықтығын қамтамасыз етуге уәде беріп, автокөліктерді қосқанда бірқатар импортталатын тауарларға баж салығы төмендетілетінін мәлімдеді. Қытай басшысы экономикалық жаһандануды қалпына келтіру мүмкін еместігін Боаодағы Азия экономикалық форумының ашылу салтанатында мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters.

ҚХР төрағасының сөзінше, мемлекет шетелдік инвесторлардың нарыққа қол жетімділігін бірден кеңейтеді. Бұған дейін ел нарығына (Қытай нарығына – ред) қол жетімсіздік үшін Қытайдың сауда серіктестері, соның ішінде АҚШ шағымданған еді.

Си Цзиньпин Қытай автокөлік секторында шетелдік меншік лимитін «тез арада» ұлғайтуға уәде берді сондай-ақ қаржы секторын ашу жөніндегі бұрын жарияланған шараларды қабылдау күшейтілетінін хабарлады.

«Біз осы жылы автокөлік импортына баж салығын айтарлықтай төмендетеміз, сондай-ақ импорт тарифін өзге де бірқатар тауарларға төмендетеміз», – деп мәлімдеді Қытай басшысы.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз