Каспий құбыры консорциумы арқылы өтетін мұнай көлемі нақтыланды

0
100

Биыл Каспий құбыры консорциумы 67 млн тонна мұнайды өткізу жоспарлап отыр. Бұл туралы Астанадағы баспасөз мәслихатында Каспий құбыры консорциумы бас директоры Николай Горбань мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Консорциумның 2018 жылы құбыр жүйелері арқылы 67 млн тонна мұнай өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізген Горбаньның айтуынша, өткізілетін мұнайдың 60 млн тоннаға жуығы Қазақстанда өндірілген, ал қалған 7 млн тоннаны ресейлік өндірушілерден алу көзделініп отыр.

Сондай-ақ, Қашағаннан қабылданатын мұнай көлемін екі есеге арттыру қарастырылған. Яғни жыл соңына шейін бұл көрсеткішті 13 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланған. Өткен жылы Қашағаннан 7,4 млн тонна мұнай қабылданған.

Н. Горбань осы ретте Қазақстан бойынша аталған 60 млн тонна мұнайдың қалай жиналатынын түсіндірді. Оның пайымдауынша, Қашағаннан 13 млн тонна, Қарашығанақтан 12 млн шамасында, Теңізден 28 млн тоннаға жуық мұнай жинақталады. Қалған 7 млн тонна басқа да кен орындарынан алынатын болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз