Мажарстанға балық жіберіп, дәрі-дәрмек аламыз 

0
21

ҚР премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Мажарстан [Венгрия] Премьер-министрі Виктор Орбанның Қазақстанға жасаған ресми сапары аясында екі ел арасындағы сауда-саттық байланысы туралы айтып берід. 

Серік Мақашұлының айтуынша, Мажарстаннан Қазақстанға негізінен дәрі-дәрмек, телефон аппараты, көкөністер келеді. Ал, керісінше экспорттайтын тауарлар ет, балық, ұн, күнбағыс майы. 

«Сауда деңгейі өте жоғары деп айта алмаймын. Себебі, былтыр 100 млн АҚШ доллары болды. Биыл 24%ға өсті. Қазір тоғыз айдың ішінде тағы да 24%-ға артты. Оның ішінде көбісі Венгриядан келетін импорт. Дәрідәрмектер, көкөністер. Көбісі тағам. Сапасы өте жоғары. Ал, біздердің апарып жатқанымыз балық. Көлемі екі есе көбейді. 67 тоннадай еді. Биыл 120 тоннаға толтырып жібердік», – деді Серік Жұманғарин.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз