14 шілдеде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстандағы инфляцияның 2015 жылғы деңгейден асып түскенін айтты, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
Президент баспасөзінің мәліметінше инфляция 14,5 пайызға жеткен.
“Күрделі геосаяси сын-қатерге қарамастан, еліміз бір қалыпты дамып келеді. Мұны жарты жылдық нәтижеден көріп отырмыз. Экономика 3,4 пайызға, ал нақты сектор 4,1 пайызға өсті. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібі саласында айтарлықтай ілгерілеу бар. Дегенмен, инфляция да бір орында тұрған жоқ. Қазір бұл көрсеткіш 14,5 пайызға жетіп, 2015 жылғы деңгейден асып түсті”, – дейді мемлекет басшысы.