Қазақстанның 5 өңірінде есірткі саудасы ғарыштан табылды

0
281
photo: mir24.tv

Ғарыштан Қазақстанның 5 өңіріндегі есірткі саудасы табылды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Ortcom.kz сайтына сілтеме жасап.

«Құрамында есірткі бар өсімдіктердің ареалдарын анықтаудың тиімді әдістерінің бірі – жерді қашықтықтан зондтау, оны қолдану тәжірибесін «Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ мамандары зерделеп, кезең-кезеңімен енгізуде. 2022 жылы ғарыштық мониторинг нәтижесінде 686,000 шаршы шақырым аумақ қамтылып, онда каннабис өсіруден зардап шеккен учаскелер анықталды. Учаскелер Түркістан, Қарағанды, Ақтөбе, Жамбыл және Қызылорда облыстарында орналасқан», – деп атап өтті аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов.

photo: ortcom.kz

Айта кету керек, 2019 жылы  ғарыштық мониторингтің көмегімен Қызылорда және Жамбыл облыстарында 123,  2020 жылы – 94, ал 2021 жылы тек Қызылорда облысының аумағында – 77 есірткі егілген алқаптар анықталған.

Ғарыштық мониторинг деректерін верификациялау «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ және  ІІМ-нің арнайы бөлімшелері қызметкерлерінің есірткі плантациялары анықталған жерлерге баруы арқылы жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, құрамында есірткі бар өсімдіктер ареалдарының орналасқан жері туралы деректерді ұсынудың жеделдігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін отандық KazEOSat-1 және KazEOSat-2 ғарыш аппараттарынан, сондай-ақ шетелдік жерсеріктерден алынған ғарыштық түсірілімдерін пайдалана отырып, ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және түсіндіру жөніндегі іс-шаралар кешені жүргізіледі.

Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Үкіметінің ерекше бақылауында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз