Коронавирус жұқтырған 763 науқастың жағдайы ауыр

0
314
с источника

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 2853 науқас тіркелді. Бір күнде дерттен 30 адам қайтыс болып, коронавирусқа ұқсас пандемияға 105 адам шалдыққан. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Пандемия басталғалы елде 3 668 адам қайтыс болған.

Министрлік мәліметінше елде 42 730 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 15 207 пациент стационарда, 27 523 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- дертіне шалдыққандардың арасында:

• 763 адамның жағдайы ауыр;
• 196 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 112 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Бұдан бөлек 9 өңір коронавирус инфекциясының таралуы бойынша “қызыл аймақта” болса, “сары аймақта” 5 өңір, ал “жасыл аймақта” 3 өңір.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз