Перудегі жол апатында қаза тапқандар саны артты

0
84
Reuters

Сейсенбі күні Перуде болған жан түршігерлік жол апатынан кейін қаза тапқандардың саны артты, деп хабарлайда ресейлік ТАСС агенттігі.

«Құтқару операциясының орталығы Уарал провинциясының Посаймо ауданында 51 адамның мәйітінің табылғанын хабарлайды. Дронның көмегімен жол апаты аймағын анықтап қарауға мүмкіндік туды», делінген ведомстваның хабарламасында.

Еске сала кетейік, Перуде жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып, жолаушылар автобусы 100 метрлік құзға құлап кеткен болатын. 

Осыған дейін kazaknews.kz оқиға орнында 36 адамның қаза тапқанын хабарлады. Жол көлік оқиғасы мемлекет астанасы Лима қаласынан 70 шақырым қашықтықта орналасқан Уарал провинциясындағы «Сайтанның бұрылысы» деп аталатын жол қиылысында болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз