Мемлекет басшысы 5-сынып оқушысына сыйлық тарту етті

0
71
кадрдан

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алматылық Медина Майсароваға француз бульдогы тұқымдас күшік сыйлады. Бұл туралы Almaty.tv хабарлайды.

5 сынып оқушысы бір ай бұрын Елбасыға жаңа жылдық хат жазып, өзіне күшік сыйлауын өтінген екен.

Оқушының айтуынша, хатты бір ай бұрын жазған, өзінің күшігі болғанын бұрыннан қаласа да анасы рұқсат етпеген. Жеткіншектің айтуынша, ғажайыпқа сену керек, ол орындалады.

Мединаға сыйлықты Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаев  табыстаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз