Бишімбаевқа жаңа айып тағылды

0
71

Экс министр Қуандық Бишімбаевқа жаңа айып тағылды. Бүгінге дейін «пара алды» деген күдікпен қамауға алынған бұрынғы Ұлттық эконосика министріне енді «қылмыстық істі ұйымдастырған» деген айып тағылып отыр. Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Сәлімжан Мусиннің айтуынша қорғалуындағы азаматтың сыбайластарының қатарынан бірқатар тұлға шығарылған.

Қ. Бишімбаевтың қорғаушысы «Бүгінгі жаңадан тағылған айып елеулі өзгерістерге ұшыраған. Бұрынғы айыптау бойынша қорғауымдағы Бишімбаев жақтастарымен бірігіп қылмыс жасады делінген болса, қазір сол басқалардың қылмысқа қатысы болмай шықты. Сонымен қоса, жаңа айыптаудың кейбір жерінде серіктестердің құрамы өзгертілген. Бұрынғы эпизодта қатысы болғандарды прокурор жаңа құжатта алып тастаған. Кейбір адамдардың баптары өзгертіліп, жаңа айып бойынша «Бәйтерек» АҚ басқарушы директоры Ғазиз Сариев пен «Бәйтерек» АҚ мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру жөніндегі басқармасының менеджері Азиз Акрамовты айыпталушылар қатарынан алып тастаған. “Бәйтерек Девелопменттің” бұрынғы басқарма директоры Дильрух Анарбайдың қонақ үйде “пара алды” деген эпизоды жаңа актіде көрсетілмеген», дейді сот отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Еске сала кетсек, 2017 жылдың 10 қаңтарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро қызметкерлері бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын хабарлаған болатын. Ұлттық бюроның мәліметінше, Қуандық Бишімбаев 2013 жылы «Бәйтерек» холдингін басқарған кезде Қызылорда қаласында шыны табақ шығаратын және өңдейтін зауыт салу барысында 1 миллиард теңгеден астам ақша жымқырды деген күдікке ілінген болатын. Өткен жылдың 12 қаңтарында Астана қаласының №2 аудандық соты Бішімбаевты қамауға алу туралы бұйрық берді.

Әитсе де бұрынғы министр тағылған айыппен келіспейтінін білдірген. Осы іске қатысты ірі көлемде пара алды деген айыппен о баста 22 адам сот алдында жауап береді деп мәлімдеген еді.

Атышулы іске қатысты 7 фигурант мемлекеттік айыптаушылармен келісімге келмек. Олар кінәларын мойындап, жаза мерзімін қыстарту туралы өтініш жіберді.

Ал жаңа шыққан айып актісімен қылмыстық іске қатыстылар 26 қаңтарға дейін танысу қажет.

26 қаңтар соттың кезекті тыңдалымы жалғасатын болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз