Ақордада Қазақстан азаматтығын алу мәселелері қаралды

0
70
дереккөзден

Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Комиссияның кезекті отырысында Қазақстан азаматтығына қабылдау және одан шығу мәселелері қарастырылды.

Мемлекеттік хатшы Тәуелсіздік жылдарында 1 миллионнан астам адам Қазақстан азаматтығын алғанын айтты.

Г.Әбдіқалықова осынша адамның азаматтық алуы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы басшылығының және биылғы жолдауда айтылғандай, «экономикасы қарқынды дамып келе жатқан прогрессивті заманауи мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуіміздің» арқасында мүмкін болғанын атап өтті.

Гүлшара Әбдіқалықова Тұңғыш Президент күні қарсаңында жаңа отандастарымызға бақ-береке мен табыс тілеп, олардың егемен еліміздің дамуына өз үлес қосатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ, жиында Ішкі істер министрлігінің азаматтық мәселелер жөніндегі жұмысының нәтижелері қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша комиссия тиісті шешімдер мен ұсыныстар қабылдады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз