АҚШ-та қамауға алынған қазақ азаматшалары кім?

0
93

Осы уақытқа дейін АҚШ-та 3 қазақ азаматшасының күдікті ретінде қамауға алынғаны жөнінде ақпарат тараған болатын. Tengrinews.kz жазғандай көп ұзамай олардың кім екендіктері де анықталды. 

Еліміздің сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың айтуынша аталған іс бойынша Азиза Джавадзаде (Джалолова) (1994 жылғы), Диора Аширова (1991 жылғы) және Елена Құдайбергенова (1970 жылғы) күдікке ілініп отыр. “Оларға барынша қолдау көрсетіп жатырмыз”, – деді министр.

Айта кетейік, үш қазақстандықпен қоса тағы 22 адам заңсыз көлік сатып алаяқтық жасаған деген күдікке ілінген. Прокуратура мәліметінше, осы іске қатысы бар әр адам 30 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ, ақша жымқыру мақсатында алдын ала келісімге келіп жұмыс істегендері үшін әрқайсысы 20 жылға сотталуы мүмкін екені айтылуда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз