Алматыда премьерлер ЕЭО экономикасының цифрландырылуын талқылайды

0
116
РИА

Бүгін Алматыда президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумы өтеді, оның аясында инновацияларды және технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, базалық интеграциялық жобалар, Еуразиялық экономикалық одақтағы өнеркәсіптік цифрландыру және ауыл шаруашылығын цифрлық трансформациялаудың өзекті мәселелері талқыланады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.

Форум жұмысына үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевпен оның Еуразиялық Экономикалық Одақтағы (ЕЭО) әріптестері, премьер-министрлер – Карен Карапетян (Армения), Аркадий Кобяков (Беларусь), Сапар Исаков (Қырғызстан), Дмитрий Медведев (Ресей) қатысады. Сондай-ақ, форум жұмыстарына  Әзірбайжан мен Тәжікстан үкіметтері бақылаушы ретінде ресми делегация жіберіп отыр.

ҚР Үкіметі

Атап өтерлігі, 2017 жылғы қазанда Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында ЕЭО-ға мүше елдердің басшылары 2025 жылға дейінгі цифрлық күн тәртібінің негізгі бағыттарын бекіткен. Сондай-ақ, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ЕЭО экономикасын цифрландыру бойынша арнайы кездесу өткізу туралы бастамасы қолдау тапқан болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз