Алматыда “Қара майормен” қоштасу рәсімі өтті

0
214
Сурет: Алматы TV

14 ақпан күні Алматыдағы Офицерлер үйінде Ауған соғысының ардагері, жауынгерлер арасында “Қара майор” атанған, ҚР Қарулы Күштерінің отставкадағы полковнигі Борис Керімбаевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі  өтті. Бұл туралы Алматы әкімшілігінің жанындағы Ауған соғысы ардагерлері және мүгедектері бірлесті хабарлады. 

Марқұммен қош айтысуға оның достары, әскерилер, әріптестері келді. Одан соң 28 Панфиловшылар паркіндегі Ауған соғысында қаза болғандарға арналған ескерткіш маңында митинг өтті.

Аты аңызға айналған “Қара майор” Борис Керімбаев 71 жасына қараған шағында көз жұмғаны туралы бұрын хабарлаған болатынбыз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз