Алматыда барахолка базары өртенді

0
271
Алматы барахолкасындағы өрт. 11 қараша 2022 жыл. Photo: ТЖМ

11 қарашада Алматыда барахолка базарындағы қоймалар өртенді. Төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі жұма түскі сағат 12.40-та 1500 шаршы метр өрт аумағының сөндірілгенін хабарлады. Зардап шеккендер жөнінде ақпарат жоқ.

Оқиға аумағын полиция қызметкерлері қоршаған. Базарға өрт сөндіру автопойыздары жіберілгені хабарланды. Оңтүстік жақтағы конструкциялардың құлау қаупі жөнінде айтылды. Оқиға орнында шұғыл штаб құрылған.

Қаланың төтенше жағдай департаменті өкілдері “айналада жүрген адамдардың, куәгерлердің өрт сөндіруге кедергі келтіргеніне” шағымданды.

Өрттің нақты қай базарда болғаны айтылмайды. Ақпаратқа қарағанда, Жетісу ауданы Солтүстік айналма бөліктегі контейнерлер өртенген деп айтылады.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео көп.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз