Алматыда жалған патрульдік полиция көлігі ұсталды

0
118
фото: polisia.kz

Алматыда жалған патрульдік полиция көлігі анықталды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті полиция қызметінің экипажы ІІМ-нің көрнекі құралдары бар Hyundai автокөлігін анықтаған.

“Белгілі болғандай, фильмдердің бірінің әкімшілігі көлікті реквизит ретінде пайдаланған. Яғни, сценарий бойынша фильмде патрульдік полициямен эпизод бар. Ол бұл әрекеттердің заңға қайшы және жауапкершілікке әкеп соғатыны туралы ойланбастан, полицияның қызметтік көліктерінің дәл көшірмесін жасауды ұйғарды. Елестетіп көріңізші, егер әрбір кинорежиссер қажет болған жағдайда жалған реквизиттер қолдан жасайтын болса, хаос болады. Ол кезде жалған полицейлерге өздерінің қылмыстық істерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жалған көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Оның авторларына заң аясында шара қолданылды”, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Сонымен қатар, ПД-да осыған ұқсас деректерге жол берілмейтінін ескертіп, әрбір мұндай эпизодқа түбегейлі құқықтық баға берілетініне уәде берді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз