“Алтын сапа” байқауының жеңімпаздары белгілі болды

0
85
Ақорда

Астанада «Алтын сапа» Президенттік сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау рәсіміне мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Ақорда

Жыл сайынғы марапаттау рәсімі аясында «Іскер» арнайы сыйлық иегерлері мен «Ұлы дала елі» сыйлығы жеңімпаздары да  марапатталды деп хабарлайды Informburo.

«Үздік өндіріс кәсіпорны» аталымында жүлде иегерлері:

  • Ірі кәсіпкерлік субъекті – “РауанНалко” ЖШС, Атырау облысы;
  • Орта кәсіпкерлік субъекті – “Каскор-Машзавод” АҚ, Маңғыстау облысы;
  • Кіші кәсіпкерлік субъекті – “AVAGRO” ЖШС, Солтүстік Қазақстан облысы;

«Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» аталымында марапатталғандар:

  • Ірі кәсіпкерлік субъекті – “Алматинский продукт”, Алматы;
  • Орта кәсіпкерлік субъекті – “Жаркент крахмал зауыты” ЖШС, Алматы облысы;
  • Кіші кәсіпкерлік субъекті – “Planta” ЖШС, ОҚО.

«Қызмет көрсетуші үздік компания» аталымында жүлде алғандар:

  • Ірі кәсіпкерлік субъекті – “Медикер – өнеркәсіптік медицина”, Астана;
  • Орта кәсіпкерлік субъекті – “Дефектоскопия” ҒӨҰ ЖШС, Қарағанды;
  • Кіші кәсіпкерлік субъекті – “Скулбас” ЖШС;

«Үздік өндірістік жоба» номинациясында Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттары қосымша аталымын алған “Giessenhaus” ЖШС (Павлодар) жеңіп алды.  «Үздік инновациялық жоба» аталымы “Recycling Company” ЖШС-ға (Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданы) бұйырды. «Сапа үздігі» аталымында «Казфосфат» ЖШС (Жамбыл облысы) жеңіп алды. «Тамақ өнімдерін және / немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын» аталымында «Абзал және Компания» (Қызылорда облысы) кәсіпорны жеңіске жетті.

Сонымен қатар жыл сайынғы салтанатты марапаттау рәсімі шеңберінде «Атамекен» ғылыми-өндірістік кәсіпорнының «Іскер» арнайы сыйлығының иегерлері марапатталды:

  •  “Мырза-Хан” ЖШС, Астана;
  •  “Metal Prom Group” ЖШС, Алматы;
  •   «”CASPI BITUM” бірлескен кәсіпорны», Маңғыстау облысы;
  •  “AZALA Textile” ЖШС, Шымкент;
  •  “Аруана-2010” ЖШС, Қостанай;
  •  “Астана – Технадзор” ЖШС, Астана;
  •  “Alensia” ЖШС, Жамбыл облысы;
  •  “АбдиИбрахимГлобалФарм” ЖШС, Алматы облысы;
  • “Уральская торгово-промышленная компания” ЖШС, Батыс Қазақстан облысы;
  •  “Щучинский котельно-механический завод” ЖШС, Ақмола облысы, Шучинск қаласы.

«Ұлы дала елі» сыйлығының жеңімпаздары:

  • “MKS Logisticts” ЖШС, Маңғыстау облысы;
  • “Казфосфат” ЖШС, Жамбыл облысы;
  •  “Ново-Альджанский мелькомбинат” ЖШС, Ақтөбе.

Өз кезегінде Парыз» байқауының гран-при жүлдесі Евразиялық топтың жетекшісі А.Машкевичке табыс етілді. Бизнесті жүргізу жеңілдігі жөніндегі өңірлер мен қалалардың рейтингі нәтижесі бойынша арнайы сыйлық Астана қаласының әкімі Ә.Исекешевке берілді.

Атап өтерлігі, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Алтын Сапа» байқауы 2006 жылдан бері өткізіліп келеді. 2017 жылы Қазақстан президенті сыйлығына 101 отандық компания сынға түскен.

Сабина Сайлаубай

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз