Қарағандыдағы травматология орталығы өртенді

0
101

26 ақпанға қараған түні Қарағанды қаласындағы облыстық “Х.Мақажанов атындағы травматология мен ортопедия орталығында” өрт шықты.

Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер келгенде мекемедегі медбикелер ғимаратындағы жиһаз, тұрмыстық техника, ағаш қабырға отқа оранған.

Барлығы 20 шаршы метр жерді жалын шарпыған.

Оқиға орнынан 22 науқас және үш медицина қызметкері эвакуацияланды. Өрт түнгі сағат 00.16-де сөндірілді.

Құтқарылғандар орталықтың басты ғимаратына көшірілді. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір оның шығу себептері анықталып жатыр. Оқиға орнында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 52 қызметкері мен 11 техникасы жұмыс істеді.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз