«АрселорМиттал Теміртау» ереуілге шыққан кеншілерді сотқа берді

0
76

Шахтинск, Абай және Саран қалалық сотына «АрселорМиттал Темиртау» басшылығы тарапынан кеншілердің ереуілін заңсыз деп тану туралы шағым келіп түсті. Бұл туралы облыстық сотқа сілтеме жасай отырып «Интерфакс-Қазақстан» хабарлайды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, айыпталушылар Қазақстан, Шахтинск, Тентек, Ленин, Саран, Күзембаев, Костенко атындағы және Абай кеніштеріндегі кеншілердің ереуілін басқарушы органдар, «Жақтау», «Қорғау» металлургтар кәсіподағы және «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-ның өзге де жұмыскерлері.

«Бұл кеніштен шықпаған 1000-ға жуық адам», – деп мәлімдеді сотта.

11 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның кеншілері еңбек ақыны көтеру, зейнеткерлік жасты қысқарту және т.б талаптар қойып, кеніштерден жоғары көтерілуден бас тартты. Қарағанды облысы әкімдігінің сәрсенбі кешке берген ақпаратына сәйкес, кеніште 600-ге жуық кенші қалған.

Сәрсенбі күні компания басшылығы ереуілге шыққан кеншілер кеніштен жоғары көтерілсе, олармен келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді.

Бұған дейін ақпарат көздерінде мәлім болғандай, кеншілер өздерін қылмыстық және әкімдік жауапкершілікке тартпауды және материалдық тұрғыда жазалмауды сұраған еді.

Cабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз