Astana Finance Days: әлеуетті алаң

0
155

4 шілде ҚР премьер-министрі Б. Сағынтаевтың қатысуымен өз жұмысын бастаған Astana Finance Days халықаралық форумы төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында қаржы және экономика тұрғысында күн тәртібінде тұрған мәселелерді қаузады.

Astana Finance Days пленарлық отырысына Б. Сағынтаевтан өзге Астана Халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетов, Татарстан президенті Рустам Минниханов, Ислам Даму Банкінің президенті Бандар Хаджар, Бүкіләлемдік Банк тобының Аға вице-президенті Сандра Нгози Окоро Хопкинс, Сбербанк Басқарма Төрағасы Герман Греф, қаржы қызметін реттеу бойынша Астана Халықаралық қаржы орталығы Комитеті Директорлар Кеңесінің Төрағасы Леди Барбара Джадж СВЕ, АХҚО Халықаралық арбитраж орталығы Төрағасы Барбара Доманн, Қытай Халықтық саяси консультативті кеңесі Бүкілхалықтық комитеті Төрағасының орынбасары Леунг Чун Ин, Люксембург қаржы орталығының Төрағасы Николас Маккел қатысты.

АХҚО арқасында миллиондаған адам Еуропа мен Азия нарығына шыға алады. Бұған сеп болатын Астананың географиялық тұрғыда орналасуы. Бұл туралы форум барысында Б. Сағынтаев атап өтті.

Пленарлық отырыстан кейін түрлі тақырыптық сессиялар өтіп, спикерлер өз ойларын ортаға салды.

Сессиялар мына атауларды қамтыды:

  • Ислам экономикасыныӊ Астана форумы;

  • Жасыл өсу форумы / GEWR’2018;

  • Жаһандық қаржы форумы;

  • Халықаралық капитал нарықтарыныӊ 2-ші Астана форумы;

  • FinTech 2018;

  • Еуразиялық экономикалық комиссияныӊ сессиялары;

  • АХҚО-ныӊ құқықтық мәселелер жөніндегі конференциясы.

5 шілдеде ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астана Халықаралық қаржы орталығының ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына сондай-ақ АХҚО басшысы Қайрат Келімбетов, Абу-Дабидің тақ мұрагері, БАӘ Қарулы Күштері Бас қолбасшысының орынбасары Мұхаммед бен Заид әл-Нахаян, Татарстан президенті Рустам Минниханов қатысты.

Салтанатты ашылу барысында сөз алған мемлекет басшысы Н. Назарбаев АХҚО негізгі жұмыс бағыты, ұсынатын артықшылықтары мен әлеуетін мәлімдеді.

“Орталықтың құқық дәрежесі конституциялық заңмен бекітілген, ал ресми тілі – ағылшын. Орталықтың тараптастарына 50 пайызға дейінгі жеңілдіктер қарастырылған, валюта, виза және еңбек режимі жеңілдетілген. Бұл аймақта ағылшын тілінде жұмыс істейтін жалғыз орталық.Мұнда біздің экономикамыздың негізгі секторларындағы жобаларды қаржыландыру үшін мәмілелер жасалады. Жалпы алғанда Астана Халықаралық қаржы орталығының жұмысы оның қатысушыларының өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған, сондай-ақ инфрақұрылымды, қауіпсіздікті және ыңғайлы орнығуды қамтамасыз етеді. Орталықтың ашылуы елордасы Астананың 20 жылдығымен тұспа-тұс келуі тегін емес”, – деп атап өтті Н. Назарбаев.

Сөз соңында мемлекет басшысы орталықтың жұмысына сәттілік тіледі.

Атап өтерлігі Astana Financе days Kazakhstan Global Investment Roundtable шарасы аясында өтті. Бұған дейін 2-3 шілде күндері Астанада Жібек жолы елдері мэрлерінің форумы өтті. Kazakhstan Global Investment Roundtable шарасы аясында 4,7 млрд доллар көлеміндегі 37 келісімшартқа қол жеткізілді. Қол жеткізілген ынтымақтастық барысында ел экономикасының барлық секторын қамтитын жоғары технологиялық жобаларға инвестиция тартылатын болады.

Сондай-ақ форумадағы қонақтар қатарында жасанды интелекте ие робот-гиноид София бар. София бұған дейін Астанадағы мэрлер форумында елорданың сәулетіне қызыққанын айтқан еді.

 

Сабина Ақтай

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз