“Астана” футбол клубы Елбасыға сыйлық тарту етті

0
132
Ақорда

«Астана» футбол клубының ойыншылары ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа команданың Еуропа лигасының 1/16 финалына шығуына сеп болған допты сыйға тартты, деп хабарлайды «Астана» футбол клубының баспасөз қызметі.

Сыйлықты футболшылар Астанада өткен жаңажылдық қайырымдылық балында табыстаған.

Бұдан өзге қайырымдылық балы кешіне астаналық футбол клубының ойыншылары Абзал Бейсебеков, Асхат Тағыберген, Дмитрий Шомко және Сергей Малый қатысқан.

«Астана» футбол клубы Еуропа лигасында тұңғыш рет плей-офф кезеңінен шыққан Қазақстанның алғашқы командасы екенін еске саламыз.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз