Астана Қабылдағы лаңкестік шабуылды айыптады

0
83
ҚР СІМ

Ауғанстан астанасы Қабылда жергілікті уақытпен таңертең 22 сәуірде орын алған лаңкестік жарылыс салдарынан 50-ден аса адам қаза тапты, ондағаны жарақат алды. ҚР СІМ бейбіт тұрғындардың өмірін жалмаған лаңкестік әрекетті қатаң түрде айыптайды.

БАҚ таратқан ақпарға сәйкес, лаңкестік жарылысқа жауапкершілікті ДАИШ* лаңкестік ұйымы мойнына алды. Осы орайда СІМ ДАИШ лаңкестік ұйымы елдегі сайлау алдындағы ахуалды тұрақсыздандыруды мақсат етті, нәтижесінде, Ауғанстан халқы зардап шекті деп жазады мәлімдемеде. Сондай-ақ Қабылдың ішкі саяси жағдайды тұрақтандыруға қолға алған әрекеттеріне аталған лаңкестік ұйым кедергі келтірмейтініне СІМ кәміл сенім білдіреді.

Қазақстан лаңкестікпен ымырасыз күреске шақырады. СІМ мәлімдемесіне сәйкес, қайғылы жағдайға себепші болғандар қатаң жазаға тартылуы тиіс.


*ДАИШ – 15 қазан 2015 жылы қабылданған сот шешімі бойынша, елімізде тыйым салынған террористік ұйымдар қатарына енді.
Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз