Астаналық арумен әуеи болған түрік азаматының басы бәлеге қалды

0
89

Астаналық бір бойжеткеннің түрік азаматымен өз еркімен төсектес болып, кейін оны зорлады деп айыптаған деп хабарлайды Newtimes.kz агенттігі.

Кара Озан Кадир есімді түрік азаматының «Астана қаласындағы тергеу изоляторларының бірінде қамауда отырып», Facebook парақшасы арқылы таратқан мәлімдемесіне сәйкес, оқиға жаңа жылдан кейін 3 қаңтар күні болған. Азаматтың айтуынша, түнге таман А. есімді қызды құрбысымен бірге үйіне ертіп келген. Олармен дастарқан басында суретке түсіп, көңіл көтеріп отырған. Бойжеткендер төсек қатынасына қарсы емес екендіктерін білдірген. Арулар Кара Озан Кадир мен оның досымен әуеи болған. Ал артынша 30 мың теңге төлеуді талап еткен. Қыздарға төсек қатынасына ерікті түрде келіскендерін, зорлық әрекеті болмағанын түсіндіруге тырысқан достар таңға таман сөзге құлақ аспаған аруларды пәтерден қуып шыққан.

Түрік азаматының айтуынша, оқиға мұнымен бітпеген. Арада біраз уақыт өткен соң, қыздар олардың үстінен «зорлады» деп арыз жазғаннан кейін, пәтерге полиция қызметкерлері келген. Көп ұзамай, медициналық тексеруден өткісі келмеген қыздар тергеушілерден арыздарын қайтып алған. Келесі күні қыздар әрқайсысына 300 доллардан ақша беруін сұрап, достарды бопсалаған. Кара Озан Кадирдің досы жолдасына көмектесу үшін әлгі аруларға ақша тауып берген. Кейін арулар арыздарын қайтып алуға барғанда, полиция қызметкерлері істі тоқтатқысы келмей, арызды қайтармаған. 7 қаңтар күні соттың нақты шешімімен Кара Озан Кадир қамауға алынған.

Алаяқ қыздар тергеу изоляторында отырған түрік азаматын қолдап, сотта куәлік білдіргісі келген, алайда полиция мен прокуратура қызметкерлері оларды жолатпай отырған көрінеді. Заң қызметкерлері аудиофайл мен чаттағы хат алмасулардың скриншоттарын қабылдамауда. Бұлай жалғаса берсе, түрік азаматы жазықсыз сотталып кетуден қорқады. Осы себепті Кара Озан Кадир өзін қорғауға мүмкіндік берілуін талап етіп, жұртшылықтың араша түсуін сұрайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз