Астана әуе компанияларына қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

0
106

Ethiopian Airlines ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін Қазақстан билігі жергілікті әуе компанияларына қауіпсіздік шараларын күшейтуге кеңес берді. 

Индустрия және инфраструктуралық даму министрлігіне қарайтын азаматтық авиация комитеті Boeing 737 (CLASSIC, NG, Max) және Boeing 757/767 ұшақтары бар қазақстандық әуе компанияларға жаттығулар өткізіп, апат бола қалған жағдайда қабылданатын шараларды пысықтауды сұрады.

Ақорда сайтының хабарлауынша, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 11 наурызда Эфиопия президенті Сахле Борк-Зевдеге көңіл айту телеграммасын жіберген.

10 наурызда Ethiopian Airlines әуе компаниясының Boeing 737 MAX ұшағы апатқа ұшырап, бортындағы 149 жолаушы, сегіз экипаж мүшесі түгел қайтыс болған. Ұшақ Эфиопия астанасы Аддис-Абебадан Кения астанасы Найробиге қарай ұшып шыққан. Әуе компаниясы бортта 30 елдің азаматы болғанын хабарлады. Қаза тапқандар арасында Кения, Ресей, Канада, АҚШ, Қытай, Италия, Франция, Ұлыбритания азаматтары бар. БҰҰ апатқа ұшыраған ұшақта 19 қызметкері болғанын хабарлады. Эфиопияда 11 наурыз қаралы күн деп жарияланды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз