Астанада мәліметтерді қашықтықтан сымсыз таратудың жаңа технологиялары талқыланды

0
52

Астананың мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары және Қазақстанның телекоммуникациялық компанияларының қатысуымен «IoT Networking Day» конференциясы өтті.

Мәліметтерді қашықтықтан сымсыз жеткізудің өзекті мәселелерін талқыға салған жиынның мақсаты – «Заттар ғаламторы» бойынша бастамаларды іске асыруда қажетті коммуникациялық ортаны қамтамасыз ету.

«Заттар ғаламторы» көптеген сенсорлардың бір-бірімен тілдесіп, қажетсіз және қосымша командалар мен операцияларсыз коммуникациялар жіберуі.

Бүгінде Астана «Заттар ғаламторын» белсенді енгізе бастады, әрі біздің алдымызда құрылғылардың бір-бірімен коммуникациялауына жәрдемдесетін мәліметтерді жеткізізу желілері туралы маңызды мәселе тұр», – деді медиа орталықтың тілшісіне берген сұхбатында «Astana Innovations» АҚ Смарт технологиялар саласындағы құзырет орталығының директоры Әсел Байтасова.

Конфренцияның бірінші панельдік сессиясында Астана, Алматы, Ақтөбе әкімдіктерінің өкілдері ТКШ, көлік, денсаулық сақтау және қауіпсіздік салаларындағы заттар ғаламторы шешімдерінің алғашқы нәтижелеріне тоқталды. Сондай-ақ аталған саладағы жобаларды жетілдіру жоспарымен бөлісті.

Екінші және үшінші бөлімдерде коммуникациялық компаниялар еліміздің ұлттық компанияларымен бірлесіп қолжетімді LPWAN технологияларға шолу жасады. Бұған қоса өнеркәсіп нысандары мен ғимараттарын автоматтандыруға байланыты міндеттерді шешу үшін LoRaWAN және  NBIoT сынды шешімдерді енгізу тәжірибесінің алғашқы жетістіктері ортаға салынды.

Әсел Байтасова «Біз алдын-ала сараптама жасап, технологияларды таңдадық. Бүгінде оның екеуі Астана, Қарағанды және Ақтөбе қалалары мен «ҚТЖ», «Қазмұнайгаз» АҚ сынды индустриалды сектор өкілдерімен талқыланды», – деді.

Оның айтуынша LPWAN және LoRaWAN технологиялары еліміздің барлық қалаларында енгізіліп жатыр. Әсіресе жаңашылдықты енгізуде «Қазақстан темір жолы» көш бастап тұр. Сонымен бірге сымсыз мәлемет тарату желісіне «Қазақтелеком» АҚ мен Kcell, Beeline, Tele 2 байланыс операторлары қызығушылық танытып отыр.

«Аталған жобалар бірінші кезекте жолаушының жол жүру уақытын қысқарту, өлім-жітімді азайтуға, түптеп келгенде елорда тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді», – деді Байтасова.

Жадыра Аманбайқызы

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз