Астанада Жібек жолы мэрлерінің форумы басталды

0
92
Форумдағы панелдік сессиядан көрініс

Астанада Жібек жолы қалалары мэрлерінің форумы басталды.

Форум барысында халықаралық сауданың жаңа ережелері, криптовалюталарды пайдалану, әйелдер мен жастардың, үкіметтік емес ұйымдар мәселелері, Жібек жолын цифрландыру маңыздылығы, экономикалық теңсіздікті төмендету, тұрақты даму мәселелері қаралады деп күтілуде.

Форум соңынан қарай Жібек жолы елдеріндегі қалалар басшыларының клубы құрылады. Сондай-ақ бизнес, ғылым, университеттер, БАҚ, әдебиет пен өнер, туризм, спорт бағыттары бойынша қауымдастықтар мен бірлестіктер ашылады. Мектепке дейінгі білім беру, туризм, спорт бойынша коммерциялық құжаттарға қол қойылады.
Атап өтерлігі, Жібек жолы қалаларының мэрлері бас қосатын «Global Silk Road» форумы 2-3 шілде күндері өтеді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз