Атамбаев Қырғызстан билеуші партиясының көшбасшылығына ұсынылды

0
41
дереккөзден

Қырғызстан Республикасының Социал-демократиялық партиясы (ҚСДП) 2018 жылдың қаңтар айының аяғында партия көшбасшысын таңдайтын съезд өткізеді. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі хабарлайды.

ҚСДП төрағасының орынбасары, Қырғызстан Республикасы президенті аппаратының басшысы Фарид Ниязов хабарлағандай, аталған лауазымға әзірше елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың кандидатурасы қаралған.

Ф. Ниязовтың сөзінше, ҚСДП-да басқа үміткер жоқ. Үміткерлер санына шектеу қойылмағанмен, социал-демократтар бірауыздан бұл – Алмазбек Атамбаев деген пікірде.

Атап өтерлігі, ҚСДП – Қырғызстан Республикасының билеуші партиясы. А. Атамбаевтың президенттігі кезінде партияны Жогорку Кенештың бұрынғы төрағасы Шыныбай Тұрсынбеков пен Фарид Ниязов басқарған. Дегенмен, олардың біреуі де партия көшбасшысы болмаған.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз