Атырауда жаңа прокурор

0
273
фото: Атырау облысы прокуратурасы

ҚР Бас прокуорының бұйрығымен әділет кеңесшісі Аршат Табылдыұлы Тайтуллин Атырау қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Атырау қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Тайтуллин 1976 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2002 жылы Құрманғазы ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған. Мамандандырылған табиғатты қорғау бойынша прокурор, Мақат ауданының прокуроры, Атырау облысы прокуратура басқармасы басшысы болған.

Қазіргі қызметіне тағайындалғанға дейін Атырау облысы қоғамның сұранасын қорғау бойынша басқарманың басшысы болды. Құқық қорғау органдарындағы еңбек өтілі  16 жылдан артық.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз