Қазақ ғалымы Абай Құнанбайұлының жарық көрмеген туындыларын тапты

0
226
дереккөзден

Абай Құнанбайұлының ұмытылып кеткен шығармалары табылды. Ақынның туындыларын ғалым Асан Омаров тапқан. Бұл туралы “Хабар -24” хабарлайды.

Алғаш рет бұл шығармаларды ширек ғасыр бұрын Омбы мұрағатынан тауып, әрі оны А.Құнанбайұлының өлең жолдары болуы мүмкін деген ғалым Әлкей Марғұлан еді. Сол тұста 34 шумақтан тұратын “Жаңа закон” поэмасы айналасында дау-дамай өрбіген еді. Философиялық кеңес ғалыммен келіспей, поэма ұмыт болды. А.Омаров өз зерттеуін жүргізген. Ғалым поэманың Абай Құнанбайұлына тиесілі екендігіне нақты дәлелдер келтіреді.

Бұған дейін классиктің 175 поэмасы бары айқын еді. Енді А.Омаров ақынның тағы 20 туындысын тауып, жарыққа шығармақшы. Ғалым Астанадағы мектептердің бірінде сабақ өткізіп, оқушыларға өзінің ғылыми жаңалығы туралы мәлім етті.

“Басқа адам 1880 жылы дәл осылай идеялық тұрғыда жазуы мүмкін емес. Семей губерниясында орыс тілі мен заңдарды жетік білген адамды біз білмейміз. Оның үстіне “Семей облысы, Шыңғыс уезі, А.Қ” деп жазылып тұр. 1880 жылы Шыңғыс уезінде кім орысша жетік біліп, А.Қ. деп жазуы мүмкін? Абай Құнанбаев? Одан басқа ешкім емес. Мұны Абайдың өлең жинақтарына енгізу керек, жырлары лайықты орнын табуы тиіс”, – дейді А.Омаров.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз