Қазақстан, Түркіменстан, Өзбекстан шекараға қатысты шартқа қол қойды

0
97

Қазақстан, Түркіменстан және Өзбекстан сыртқы істер министрлері үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының  түйісу нүктесінің ауданы туралы шартқа қол қойды.

Қол қою рәсімі Біріккен Ұлттар Ұйымының «Орталық Азия: бір өткен және бір болашақ, тұрақты даму және өзара өркендеу үшін ынтымақтастық» халықаралық конференциясы аясында Самарқанда өтті деп хабарлайды ҚР СІМ.

Рәсімге ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Түркіменстан Республикасының сыртқы істер министрі Рашид Мередов, Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Әбдулазиз Камилов қатысты.

«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алған алғашқы күндерден бастап мемлекеттік шекараны делимитациялауға баса назар аударды. Шын мәнінде, бұл мемлекеттің жауапты құрылысы мен қауіпсіздігі мәселесі. Бүгін қол қойылған үш жақты келісім Орталық Азия үшін тарихи оқиға, ол біздің үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларын құқықтық тіркеуге нүкте қояды», – деп мәлімдеді ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Әбдірахманов.

Атап өтерлігі, түйісу нүктесінің ауданы туралы шартқа қол қою Қазақстан, Түркіменстан және Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны халықаралық-құқықтық тіркеудің бір кезеңін аяқтауға мүмкіндік береді және шекаралас үш мемлекеттің өзара құрмет, егемендік теңдігі мен аумақтық тұтастығын нығайту үшін берік негіз қалайды.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз