Қазақстан Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жібереді

0
187
фото: primeminister.kz

Қазақстан Түркияға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді. Гуманитарлық көмекте жалпы салмағы шамамен 55 тонна болатын күнделікті қолданысқа қажетті заттар болады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Оларға жылы күртешелер мен шалбарлар, қысқы шатырлар, металл кереуеттер, төсек-орын жабдықтары және басқа да күнделікті қолданысқа қажетті заттар жатады.

Жүктер әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына жөнелтіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз