Қазақстанда төтенше жағдай сәуірдің соңына дейін созылады

0
77
Көрнекі сурет.

Қазақстанда төтенше жағдай режимі 30 сәуірге дейін созылады. Бұл туралы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшесі, мәжіліс депутаты Владимир Божко мәлімдеді.

“Төтенше жағдай режимі сәуір айының соңына дейін созылады, бірақ шағын және орта бизнес өкілдеріне ереже жұмсарады” деді Божко.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында төтенше жағдай жарияланған. Коронавирус көп табылған Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда және өзге де бірқатар қалаларда карантин жарияланып, шектеу шаралары күшейтілген.

Елде соңғы мәлімет бойынша, 802 адамнан коронавирус табылған.63 адам айыққан. 9 адам қайтыс болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз