Қазақстанда жұмыс бар, бірақ мамандық тапшы – Назарбаев

0
108
дереккөзден

Президент Нұрсұлтан Назарбаев жұмысшы мамандықтарда білім алу қажеттігі туралы сөз қозғады.

“Мектеп оқушылары – 145 мың. Кей бөлігі колледжге түседі, ер балалар әскерге барады, алайда не анда, не мында бармағандары қалады. Үйде қалды. Оларға не істеу керек? Жұмыс істеу керек. Қазақстанда жұмыс жетеді, бірақ мамандық тапшы. Айталық, құрылыс жүріп жатыр. Саған қандай жұмыс береді? Сыпырғыш береді. Сыпыр. Кірпіш әкел, апар. Бары осы, жалақысы аз. Сондықтан, мен бірінші жұмысшы мамандықтарды беру турасында айтқаным – бұл басты мәселе. Тегін оқытып, мамандық беру. Менің өзім техникалық училище тәмамдадым, металлург болдым”, – деп мәлімдеді мемлекет басшысы жастар жылының ашылу салтанатында.

Н. Назарбаев сондай-ақ, жұмыссыз жүрген жастарға тайғақ жолға түспей, адал еңбекпен ақша табуға үндеді.

Тайғақ, “жеңіл” жолға жұмыссыздықтан түсіп кететін жастарға қашан да айтары барын алға тартқан мемлекет басшысы “бала күтуші бол, жина, тамақ әзірле, бір жерде бір әрекет жаса, бірақ өз-өзіңді сатпа”, – деді мемлекет басшысы.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз